Жаңалықтар

Үшінші алтын: Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды

Серебряный призер Парижа-2024 Нурбек Оралбай взял золото Улан-Батора-2026
Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды / фото: olympic.kz

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 85 келідегі Нұрбек Оралбай финалда Өзбекстан спортшысы Жасурбек Юлдошевпен жұдырықтасты.

Қарсыласынан қарағанда тәжірибесі мол отандасымыз 3 раундта да рингте еркін қимылдап, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) алтын жүлде иеленсе, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалда жеңіліп, күміс медальмен шектелген еді.