
Бұхарада өткен бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан тарихы үшін маңызы зор, бұрын-соңды жарияланбаған бірегей құжаттарды табыс етті. Бұл жәдігерлер екі ел арасындағы рухани сабақтастықтың жаңа символына айналды.
Түркістан тарихының беймәлім беттері
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан тарапына 1920–1950 жылдар аралығындағы құнды мұрағаттардың көшірмелері берілді. Бұл материалдар тікелей Түркістандағы киелі нысандарға қатысты:
- Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің көне сызбалары мен фотосуреттері;
- Рабия Сұлтан Бегім кесенесіне қатысты тарихи деректер мен құжаттар.
Бұл архивтердің ең басты құндылығы олардың басым бөлігі осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген және еш жерде жарияланбаған.
«Бұл материалдардың мәдени және тарихи маңызы өте жоғары. Олар біздің ортақ тарихымыздың беймәлім тұстарын ашуға көмектеседі», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұхарада салтанатты түрде қарсы алған еді