Президент ғалым Дүкен Мәсімханұлын «Барыс» орденімен марапаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан бірқатар ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлықтарға қол қойды.

Атап айтқанда, шығыстану ғылымына сіңірген елеулі еңбегі, филология саласының қытайтану бағытын терең зерттеп, қазақ тарихына қатысты тың деректерді жинақтауға және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін Дүкен Мәсімханұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Сондай-ақ белгілі ғалым, филолог Айнұр Әбиденқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Президент құттықтау жеделхатында бұл марапаттар ғалымдардың ұзақ жылғы табанды еңбегі мен іргелі ғылыми ізденістерінің нәтижесі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы шығыстанушыларға және олардың отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тіледі.

Бұған дейін, Тоқаев Дональд Трамп-ты «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз