Lifestyle

Алматыда 20 мың шаршы метр жерге қызғалдақ отырғызылды

Алматы әкімдігі қызғалдаққа ерекше мән беріп отыр/ Фото: media.kpfu

Алматыда 2026 жылы қаладағы гүлдендіру жұмыстары бұрынғыдан да кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жалпы аумағы 387 мың шаршы метрден астам гүлзарлар жасақталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға артық.

Қалада біржылдық және көпжылдық гүлдер, бұталар отырғызылып жатыр.

Алматыда қызғалдаққа да ерекше мән берілген. Биыл қызғалдақ 20 мың шаршы метрден астам аумаққа отырғызылған.

Бұған дейін әнші Алтынай Жорабаева биыл Шымкенттің көшелері қатты безендірілмеген, бұрын қызғалдақ көп отырғызылғанын айтты.