Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шыққалы жатыр – видео

Жарияланды 12 Сәуір 2026 12:34

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Әнші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды/фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышына ата-анасы мың есе қуанады. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен таныстық», – деп жазды Жорабаева.

Әншінің айтуынша, осылайша өмірдің «құда-құдағи» деген асуы басталғалы жатыр.

Айта кетейік, актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның ортақ төрт қызы бар. Екеуі 2017 жылы ажырасып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз