
АҚШ пен Иран арасындағы Пәкістанда өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Тараптар қақтығысты тоқтату шарттары мен ядролық бағдарлама бойынша келісімге келе алмады.
Бұл ақпаратты АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те растады. Сөзінше, Вашингтон «түпкілікті және ең тиімді ұсыныспен» келген, алайда Тегеран оны қабылдаудан бас тартқан.
VP VANCE: «We need to see an affirmative commitment that they will not seek a nuclear weapon, and they will not seek the tools that would enable them to quickly achieve a nuclear weapon.»
— Fox News (@FoxNews) April 12, 2026
“That is the core goal of the president of the United States, and that's what we've tried… pic.twitter.com/eBYf4EEo06
Иран үкіметі X әлеуметтік желісіндегі жазбасында 14 сағатқа созылған келіссөздің аяқталғанын және екі тараптың техникалық сарапшылары құжаттармен алмасатынын мәлімдеді.
«Екі тараптың техникалық топтары сараптамалық құжаттармен алмасып жатыр. Кей келіспеушілікке қарамастан, келіссөз жалғасады», – делінген Иранның ресми мәлімдемесінде.
Breaking | Iran-U.S. talks mediated by Pakistan concluded after 14 hours. Technical teams from both sides are now exchanging expert texts. Negotiations will continue despite some remaining differences.#IslamabadTalks https://t.co/MewU4uMaJN
— Government of the Islamic Republic of Iran (@Iran_GOV) April 11, 2026
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран делегациялары келіссөз жүргізу үшін Пәкістанға жиналды.