Астанада пәтерден үш баланың мәйіті табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті / Фото: ТЖМ
15-қабаттағы пәтерден өрт шықты/ Фото: ТЖМ

Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш баланың мәйіті табылды.

Оқиға Түркістан көшесінде орналасқан үйде болған.

«15-қабаттағы пәтерден өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды», – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Жоғарғы қабатта тұратын 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты.

«Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі.

Бұған дейін Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде бір әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған қызының мәйіті табылды

Сондай-ақ оқыңыз