Астанадағы үш баланың өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Жарияланды

Астанадағы үш баланың өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы полициясы хабарлады.
Айта кетейік, Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды.
Ведомство мәліметінше, тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.
Өрт 15-қабаттағы пәтерден шыққан. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды7