
Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай тасымалдауға қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы елдің өнеркәсіп министрі Ким Чжон Кван мәлімдеген. Reuters мәліметінше, ел Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты баламалы энергия көздерін іздестіріп жатыр.
«Келесі аптаның басында нақты көлемі мен егжей-тегжейін жариялай аламыз», – деген министр жергілікті KBS телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик Чжон Кванмен бірге Қазақстанға келіп, Ормуз бұғазы арқылы тасымалдаудағы іркіліс кезінде мұнай жеткізу мәселесін талқылаған. Себебі Таяу Шығыстағы соғыс пен Ормұз бұғазының жабылуы Оңтүстік Кореяның энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірді.
Оңтүстік Корея шикі мұнайдың 61%-ын, ал нафтаның 54%-ын дәл осы Ормұз бұғазы арқылы тасымалдап келген. Қазір бұл су жолының бұғатталуы елдегі өндіріс пен күнделікті тұтынуға тікелей әсер етіп отыр.