
Айгүл Иманбаева демалысында анасының кеспесін жасады. Актриса әрі әнші қамыр жайып отырып, өзінің солақай екенін айтты.
Ол нан илеуді анасынан үйренгенін әңгімеледі. Сөз арасында Айгүл Иманбаева бала тәрбиесі туралы да сөз етті. Оның пікірінше, қыз баланы жастайынан дәмді тамақ пісіруді үйрету, баулу қажет.
«Бір құрбым қызы күйеуге шығар алдында 10 күн тамақ істеуді үйретіп аламын дейді. Ол дұрыс емес. Бәрібір ананың үйреткеніңдей болмайды. Ананың үйреткені, тәлім-тәрбиесі – барған жеріңе де, күйеуіңе де, бала-шағаңа да керемет болады», – деді ол.
Айгүл Иманбаева ананың үйреткені мәңгі жадта қалатынын айтты.
«Кішкентай кезінде мамам нан жаюды үйреткені есімде. «Жұмсақ қылып иледің. Қатты етіп иле», – деп айқайлап, ескерту жасайтын еді. Бүгін сол мамамның айқайы жетіспей тұр», – деді актриса.
Ол шетелге барғанда өзімен бірге Қазақстанның ұнын әкетеді екен. Өйткені, тек қазақ ұнынан ғана қатты етіп қамыр жаюға болады.
Мұның алдында актриса Айгүл Иманбаева бақытты болу құпиясын ашқан еді.