Жаңалықтар

Алдағы күндері күн салқындайды

ауа райы
Алдағы күндері күн салқындайды / фото: shutterstock

Синоптиктер 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар сөзінше, елдің басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.

Қар мен көктайғақ

«Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендейді, салдарынан жаңбырдың  соңы қарға ауысып, көктайғақ болуы мүмкін. Батыс Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел болады. Сонымен қатар 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстік пен орталықта, ал 14 сәуір түнінде шығыс Қазақстанда нөсер жауын мен қар болжанады», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Кей аймақтарда ауа температурасы төмендеуі мүмкін:

  • Батыста түнде +2…+10 градус, күндіз +10…+15 градус;
  • Солтүстікте түнде -2…-8 градус, күндіз 0…+7 градус;
  • Оңтүстікте түнде +3…+13 градус, күндіз +8…+18 градус.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынған