
Көпбалалы ана, блогерге айғалған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза бүгінде Баян Алагөзованың «Алтын ханым» әлеуметтік жобасына қатысып жатыр.
Ақмоншақ Нұртаза Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында жобаға дайындық барысында өзіне қатаң талап қойып, қысқа уақыт ішінде 10 келі салмақ тастағанын айтты. Оның айтуынша, бұл нәтижеге жету оңай болған жоқ. Бірақ «Алтын ханым» атағына лайықты болу үшін жасалған бұл қадам оның ерік-жігерінің қаншалықты мықты екенін көрсетті.
«Бұл әлеуметтік жобаның бір бөлшегі болу оңайға соқпай жатыр, бірақ нәтижесі көңіл қуантады», – дейді қатысушы.

«Алтын ханым» байқауы 14 сәуір күні сағат 19:00 де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Байқауда 27 қатысушы өз өнерлерін көрсетпек.