Жаңалықтар

Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен кейін 16 адам қонақүйге орналастырылды

Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен кейін 16 адам қонақүйге орналастырылды / Фото: Shutterstock

Елордадағы Түркістан көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі өрттен кейін 16 адам уақытша қонақүйге орналастырылды, деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, эвакуацияланған тұрғындардың пәтерлері зардап шекпеген. Дегенмен қазір түтін иісі болғандықтан пәтерлерді желдеткеннен кейін олар үйлеріне орала алады.

Қазіргі уақытта өрт шыққан бөлмеде төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, демеушілердің қолдауымен зардап шеккен кіреберіс пен қабатта жөндеу жұмыстары жүргізілетіні атап өтілді. Қаза тапқандардың туыстарына рәсімдік қызметтерді ұйымдастыруға байланысты көмек көрсетіледі.

12 сәуірде елордалық тұрғын үй кешенінің 15-қабатында ірі өрт шығып, салдарынан үш бала қаза тапты. Құтқарушылар тек кәмелетке толмағандардың анасын ғана құтқарды. Ол көптеген күйік жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер әлі күнге дейін оның өмірі үшін күресіп жатыр. Сондай-ақ, үйдің жоғарғы қабаттарынан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40 тұрғын ғимараттан өз бетінше шықты. Балалардың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберістің темір қақпамен жабық болғаны, ал аумақтың автокөліктерге толы болғаны хабарланды. Кейінірек Астана полициясы өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтірген көлік жүргізушісіне айыппұл салды.