Атыраудағы шу: Есірткі саудасына қатысы бар делінген шенділер қызметінен кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
​​General news бөлімінің редакторы
Атырау полиция
Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

Атырауда Ішкі істер министрлігінің Қауіпсіздік департаменті ауқымды тексеріс жүргізіп, соңы ірі отставкаларға ұласты. Қалалық полиция басқармасының бастығы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы және өзіндік қауіпсіздік басқармасының жетекшісі қызметінен кетті.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, министрліктен арнайы топтың келуіне қылмыстық істер бойынша заттай айғақ ретінде өткен есірткі заттарының сатылуы себеп болған.

Министрліктің ұстанымы

Ішкі істер министрлігі бұл отставкаларды растады, бірақ оны «тәртіптің дөрекі бұзылуы» және бақылаудың жоқтығымен түсіндірді.

«Мұндай тексерістер жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіліп тұрады», – деп атап өтті ведомство өкілдері. Алдағы уақытта өңірлік бөлімшелерді тексеру жұмыстары жалғаса бермек.

Дәл осындай тексерістер Алматыда да болып жатыр. Әл-Фараби даңғылындағы заңсыз көлік жарысына полицейлердің қатысы бар дегеннен кейін, ІІМ тексеру жүргізуге уәде берген.

Сондай-ақ оқыңыз