Жаңалықтар

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа рейс ашылмақшы

Қазақстан мен Сербия
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Маусым мен тамыз аралығында Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей әуе рейсі қатынайтын болады. Рейстерді SСAT және Vietjet Qazaqstan әуе компаниялары орындайды деп хабарлады облыстық баспасөз қызметінің әкімдігі.

Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды. Ұшу жиілігі – аптасына бес рет. Бұл бағытта 50 жолаушыға дейін сыйатын CRJ 200 ұшақтары қолданылады.

Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша да күн сайынғы әуе қатынасы ашылады. Бұл рейстерді Vietjet Qazaqstan компаниясы сыйымдылығы 78-ден 86-ға дейін жететін Bombardier Q-400 ұшақтарымен жүзеге асырады.

Екі қала бойынша да ұшу билетінің құны – 16 мың теңге.

Ал сәуірден бастап Астанадан Армения астанасына тікелей ұшуға болады.  20 сәуірде Shirak Avia әуе компаниясы аталған бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды.