Жаңалықтар

Еңбек министрлігі бала күтімі бойынша төлемнің неге кешігіп жатқанын түсіндірді

Еңбек министрлігі бала күтімі бойынша төлемнің неге кешігіп жатқанын түсіндірді / Фото: Shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілердегі аналардың бала күтіміне байланысты төлемдердің түсу мерзіміне қатысты шағымдарына түсініктеме берді.

Ведомство Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) мәліметтеріне сүйене отырып, мемлекеттік қаржыландыру жүйесінде іркілістер тіркелмегенін мәлімдеді. Төлемдердің қалыпты кестесінен ауытқу техникалық сипатқа ие екені атап өтілді.

«Төлемдердің қалыпты кестесінен болмашы ауытқу тек техникалық сипатта және демалыс күндері банк операцияларын жүргізу ерекшеліктеріне байланысты. Жұма күні жолданған қаражат мемлекеттік корпорацияның шоттарына дүйсенбі күні түсті», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Еңбек министрлігі қаражатты алушылардың банк карталарына тікелей аудару кезең-кезеңімен басталғанын қосып өтті.

«МӘСҚ-тың азаматтар алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалды, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек жоқ. Қаражаттың түсу процесі бақылауда, ақша барлық алушыларға жақын арада түседі», – деп атап өтті ведомстводан.