Мажарстанды 16 жыл басқарған Орбан биліктен кетті: оппозиция сайлауда жеңді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мажарстан президенті Петер Мажар
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мажар / фото: REUTERS/Marton Monus

12 сәуірде Мажарстандағы парламент сайлауы нәтижесінде елді 16 жыл басқарған Виктор Орбан биліктен кетіп. Оның орнына оппозиция жетекшісі Петер Мажар келеді.

Саяси бетбұрыс

Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан жексенбідегі парламент сайлауында өзі басқаратын «Фидес» партиясы жеңілгенін мойындады. Ол «Тиса» оппозициялық партиясының жетекшісі Петер Мажарды жеңісімен құттықтады.

Сайлаушылардың 79%-ы қатысқан ірі саяси науқанда «Тиса» партиясы 53,5%, ал «Фидес» 38% дауыс жинады. Енді Петер Мажар басқаратын партия парламенттен 138 орын алады. Ал оның қарсыласына бар болғаны 55 орын бұйырды.

Мажарстан – парламенттік республика. Елдегі маңызды шешімдерді заң шығарушы органда басымдыққа ие күш қабылдайды. Парламентті басқаратын партия ел премьер-министрін анықтайды. Петер Мажардың «Тиса» партиясы парламенттегі дауыстың үштен екісіне ие борлғандықтан, ол Конституцияға басқа да саяси күштердің келісімінсіз өзгерту енгізе алады.

Еуропаға қайта оралу

Саяси науқан қарсаңында Мажар елді еуропалық жолға қайтаруға уәде берді. Виктор Орбан ресейшіл саясаткер ретінде танылды. Ол Еуропа Одағының Кремльге қарсы әрекеттерінің бәріне санкция қоюға тырысып келді. Сайлауда жеңілген Орбан саяси күресін оппозицияда жалғастыратынын мәлімдеді.

Еурокоммиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Мажарстанның жаңа басшысын жеңісімен құттықтады.

Жаңа парламент 30 күн ішінде жасақталуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз