
Kusto Group негізін қалаушылардың бірі, миллионер Қанат Көпбаев серіктестерімен бірігіп Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа компания тіркеді. Ұйым Nomad Tankers Ltd аталады.
Дерекке сәйкес, Nomad Tankers қызметі үш бағытты қамтиды. Бірінішіден, теңіз және жағалаудағы жүк көлігі қызметі су жолы арқылы тауар тасымалдайды. Ал 77351 және 77352 коды бойынша әуе көлігі мен жабдықтарын жалға (renting) және лизингке берумен айналыспақ.
Құны 1 теңгелік 1 млн акциясын шығарған, капиталы 1 млн теңгені құрайды.
Ұйымның акционері ретінде Қанат Көпбаев, Оразхан Қарсыбеков пен Ерқанат Қожахметов көрсетілген.
Бұған дейін Қанат Көпбаев жүк тасымалдайтын әуе компаниясын ашуға ниетті екенін мәлімдеген. Оның дәулеті 187 млн доллар деп бағаланады. Forbes Kazakhstan-ның ең ықпалды бизнесмендер тізімінде 75 адамның ішінде 52-орында тұр.