Жаңалықтар

Павлодарда жер қазу кезінде екі адам топырақ астында қаза тапты

Павлодарда жер қазу кезінде екі адам топырақ астында қаза тапты / Фото: Өңірлік ТЖД

Павлодарда жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ опырылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Опырылған жердің тереңдігі шамамен алты метрді құрады. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілген. Олар келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері бір адамның сыртқа шығуына көмектескен.

Фото: Өңірлік ТЖД

«Құтқарушылар топырақ астынан тағы екі зардап шегушіні алып шықты. Оларды Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарап, ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем фельдшерлеріне тапсырды. Үйінді астынан екі адамның денесі шығарылды», – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын, оның барысында оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатынын хабарлады.