
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында автобустан өрт шығып, қасындағы екі көлік жанып үлгерген.
112 KZ ақпаратына қарағанда, дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер өртті 16 минутта сөндіріп үлгерді. Соның арқасында өрт ошағының жанында тұрған 12 автобус пен ғимарат аман қалды.
«Бүгін түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бір ЖШС аумағында автобуста өрт шығып, кейін жалын жақын жерде тұрған екі көлікке тарады», – делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жедел түрде өрт сөндіру оқпандары беріліп, ауа-механикалық көбік қолдану арқылы өрт оқшауланып, сөндірілген.
Айта кететін жайт, Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққан еді.