Қарағанды облысында Мәдениет үйінің қасбеті үш жасар баланың үстіне құлады

Қарағанды облысы Бөкей-Жырау ауданында ғимарат қасбетінің кірпіш қампатамасы үш жасар баланың үстіне құлаған. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлады.
Қылмыстық іс қолғалды
Бөкей-Жырау ауданында мәдениет үйі ғимаратының қасбетіндегі қаптаманың бір бөлігі үш жасар баланың үстіне құлады. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Петропавл қаласында үш жасар сәби көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап кеткенін хабарлаған едік. Оқиғадан кейін бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ.