Қоғам

«Қылмыскер қылып көрсетті»: Жанабылов басқа блогерлерге іс қозғалмағанына наразы

Сотта Жанабыловтан жауап алынып жатыр/фото: kursiv.media

Астана сотында Ерболат Жанабыловтан жауап алынып жатыр. Блогердің айтуынша, заң бәріне ортақ болғанымен, ұтыс ұйымдастырған басқа блогерлер қылмыстық іске тартылмаған.

Соттағы жауабында бастапқы әкімшілік іс туралы айтып өтті.

«Әкімшілік сотта сөйлеймін деп ойламадым, мені ешкім дайындамады. Әлемге, Қазақстанға мазақ болып әйеліммен бірге мына жерде тұрғым келмейді. Мені қылмыскер етіп шығарып жатыр. Адам өлтіріп қойғандай… Жеті ай өтті. Адвокат «ештеңе демейсің, өзім сөйлеймін» деді. Әкімшілік сот бітті, резонанс басталды», – дейді Жанабылов сотта.

Айта кетейік, Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс 2025 жылдың 5 қыркүйегінде қаралды.

Сондай-ақ Жанабылов соттағы жауабында бұған дейін сотқа куә ретінде қатысқан блогерлер Нұрбек Нұртаза мен Дархан Жолшыбековке қатысты да айтты.

«Нұрбек Нұртазаны блогер әріптес ретінде білемін, бірақ жақын араласқан емеспіз. Ол резонанс туғаннан кейін айыппұл төледі. Сотқа келген кезде әкімшілік айыппұл төлегенін өзі де айтты. Мен ол туралы осы жерде білдім.

Дархан Жолшыбеков те мойындаған жоқ, бірақ оған қылмыстық іс қозғалмады. Екеуі бір жағдай, бірақ бізге қылмыстық іс қозғады», – дейді Жанабылов.

Бұған дейін Ерболат Жанабылов курс сату туралы ой қалай пайда болғанын айтты.