Жаңалықтар

Трамп өзін Иса пайғамбар ретінде бейнелейтін сурет жариялады

Дональд Трамп. Фото: shutterstock
Дональд Трамп. Фото: shutterstock

Трамп өзін Иса пайғамбар бейнесінде көрсететін сурет жариялады. Онда оның алақандарынан жарық нұры шашылып тұр.

Суретте оның аурухана төсегінде жатқан адамға қолын тигізгені бейнеленген.

Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Рим Папасы Лев XIV-ті сынға алды. Оны «қылмыспен күресте әлсіз» және «сыртқы саясатта өте нашар» деп атады.

Трамптың айтуынша, Рим Папасы Лев XIV-тің Иранның ядролық қаруға ие болуын қалыпты жағдай деп санағанын қаламайды. Сондай-ақ АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әрекеттерін сынға алуымен келіспейді. Ол президент ретінде міндетін орындап жатқанын айтып, Рим папасы оны сынамауы керек екенін жеткізді.

фото: x.com
фото: x.com

Сонымен қатар Трамп Лев XIV-тің папа болып сайлануын оның америкалық болуымен байланыстырды. Оның пікірінше, католик шіркеуі осылайша АҚШ президентімен байланысты жақындатқысы келген.

«Егер мен Ақ үйде болмасам, Лев Ватиканда болмас еді», – деп жазды ол. Сондай-ақ Трамп папаны «радикалды солшылдарға» ермеуге және саясаттан гөрі діни қызметіне көңіл бөлуге шақырды.

Таяу Шығыстағы соғыс туралы Рим папасы Лев XIV барлық елдің азаматтарын билік өкілдеріне үн қатып, бейбітшілік жолында жұмыс істеуге және соғысты әрдайым жоққа шығаруға шақырған.

Мұның алдында Трамп Иранның одақтастарына қатаң талап қойған болатын.