Жаңалықтар

«Атлетико» – «Барселона»: Чемпиондар лигасының жартылай финалына кім шығады

коллаж: kursiv.media

Сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Ливерпуль мен Мадрид қалаларында Чемпиондар лигасының ширек финалдық қарымта ойындары өтеді. «Атлетико» – «Барселона» және «Ливерпуль» – ПСЖ жұптарындағы алғашқы кездесулер бірдей 2:0 есебімен аяқталған болатын. Испаниялық дербиде мадридтіктер алда болса, париждіктер Англияға сапар алдында өз алаңында жайлы басымдық орнатып үлгерді.

«Атлетико» – «Барселона»: Камбэк бола ма?

Алғашқы ойында жеңіліп, қонақта ойнайтынына қарамастан, «Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик баспасөз мәслихатында жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Алайда екі командада да жарақат алған ойыншылар аз емес.

«Атлетико» сапында: Кардосо, Облак және Барриостың алаңға шығуы неғайбыл. Ал Хименес, Ганцко мен дисквалификацияланған Пубиль нақты ойнамайды.

«Барселона» сапында: Берналь, Кристенсен, Кубарси (дисквалификация) және Рафинья қатардан шығып қалған. Мартиннің жағдайы әзірге белгісіз.

Диего Симеоне соңғы ішкі чемпионат ойынында негізгі құрамға демалыс берсе, Флик негізгі ойыншыларды түгел ойнатқан болатын.

Атлетико» мен «Барселона» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасы мен сайтында 14 сәуірден 15-не қараған түні сағат 23:50-де басталады.

«Ливерпуль» – ПСЖ

Қонақтағы ойында қарсылас қақпасына бірде-бір соққы бағыттай алмаған «Ливерпульдің» бапкері Арне Слот өз командасының маңызды сәтте жинала алатынына сенімді. Бірақ статистика париждіктердің пайдасына сөйлеп тұр: ПСЖ еурокубоктардың плей-офф кезеңінде «Ливерпульден» ешқашан жеңілмеген.

Ливерпульдегі матчтың трансляциясы 14 сәуір күні сағат 23:50-де басталады. Бұл ойын теледидардан көрсетілмейді, бірақ оны Qazsport сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.