Lifestyle

Eminem мен Shakira Алматыға келеді

Eminem мен Shakira Алматыға келеді / Фото:

Алматыда американдық рэпер Eminem мен колумбиялық поп-жұлдыз Shakira өнер көрсетеді. Жұлдыздар келетіндерін растады, бірақ концерттердің нақты күндері әлі белгісіз.

Жағымды жаңалықты Алматы қаласының Қоғамдық кеңес отырысында «Спорттық құрылыстар дирекциясы» ЖШС басшысы Есет Байтасов мәлімдеді. Екі әртістің де өнер көрсетуі қаланың Орталық стадионында жоспарланған.

Еске сала кетейік, Орталық стадион 2026 жылы реконструкциядан өткізілмек.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға әлем танымал 13 әртіс келуі мүмкін екенін жазған едік. Олардың арасында Eminem, Shakira мен Beyonce бар. Алайда бұл әншілердің Қазақстанға келуіне бір кедергі лайықты концерт залының болмауы.