Жаңалықтар

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Абайұлы Қапеновке 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірген.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі  хабарлады.

Оның үстінен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ақша жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.  

«Тергеу амалдарына сай, А. Қапенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта А.А. Капеновке халықаралық іздеуге жарияланған. Сот оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасып жатыр.