Жаңалықтар

Талдықорғанда пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегі анықталды

Талдықорғанда пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегі анықталды / Фото: Freepik

Ұсталған жүргізушінің рұқсат құжаттары болмаған. Жетісу облысында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд барысында Балықты өзенінде рұқсат құжаттарынсыз табиғи ресурстарды өндіріп жатқан тиегішті (погрузчик) ұстады. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберіледі. Техника мамандандырылған тұраққа қойылды.

«Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру – бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар экожүйеге төнген елеулі қауіп. Біз мұндай деректерді анықтау мен жолын кесуге бағытталған профилактикалық және жедел жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясындағылар.

Талдықорғанда Балақты өзенінде заңсыз құм өндіру тоқтатылды

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Қазақстанда осыған ұқсас 20-ға жуық құқық бұзушылықты анықтады.