
Президент екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Венгриядағы парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, дауыс беру нәтижелері халықтың «Тиса» партиясының басшылығына және оның бағдарламасына деген жоғары сенімін көрсетеді. Тоқаев Венгрияның алдағы уақытта да тұрақты дами беретініне сенім білдірді.
«Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен мән беретінін атап өтіп, екі ел халқының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты қызметіне табыс, ал дос Венгрия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі», – делінген хабарламада.
13 сәуірде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады. Жеңіске Петер Мадьяр бастаған оңшыл-центристік «Тиса» партиясы жетті.