
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы «уағызшы» Дарын Мубаровты діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін кезекті рет әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл оның соңғы бір жыл ішіндегі осындай екінші құқық бұзушылығы.
Заңды қайта бұзу
Айта кетейік Дарын Мубаров 2025 жылдың қазан айында дәл осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Алайда заң талаптарын қайта елемеген азамат бір жыл өтпей жатып құқық бұзушылықты қайталаған.
Сот шешімі және айыппұл көлемі
Басқарма мамандары аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 8-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Бұл бап әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заңды қайталап бұзғандарға қатысты қолданылады.
Сот шешімімен Мубаров кінәлі деп танылып, оған келесідей жаза кесілді:
- Айыппұл мөлшері: 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
- Сомасы: 865 000 теңге.
Құзырлы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген арнайы тәртібі бар және оны бұзу заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады.