
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Пафоста (Кипр) өткен 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытынды турында ойнады.
Турнирдің қорытынды кезеңінде қазақстандықтың қарсыласы үндістандық шахматшы Дивья Дешмукх болды. Асаубаева қара тастармен ойнай отырып, шешуші матчта тең түсті және 0,5 ұпай жинады, бұл оған 8 ұпаймен турнирлік кестеде аралық бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Үміткерлер турнирі – 2026 жеңімпазының тағдыры кесте көшбасшысы үндістандық Рамешбабу Вайшали мен ресейлік Екатерина Лагно арасындағы матчта шешіледі.
Кипрдегі Үміткерлер турнирі аясында Асаубаева 14 партия ойнап, оның төртеуінде жеңіске жетті, жеті рет партияны тең аяқтап, екі рет жеңіліс тапты.
Бұған дейін Бибісара блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған (2021, 2022 және 2025 жылдары), бірақ Үміткерлер турниріне (классикалық шахмат) ол алғаш рет қатысты.
Ерлер арасындағы жарыста 20 жастағы өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров жеңімпаз болды.
Кипрдегі турнир 28 наурызда басталды және 16 сәуірде аяқталады. Жарыс екі айналымда өтті, онда әр қатысушы бір-бірімен екі реттен – ақ және қара тастармен ойнады.