Жаңалықтар

Маңғыстауда нөсер жаңбыр салдарынан 25 учаскені су басты

Маңғыстауда нөсер жаңбыр салдарынан 25 учаскені су басты / Фото: kursiv.media мұрағаты

Маңғыстау облысында қатты жаңбырдан кейін 25 учаскені су басты, деп хабарлайды аймақтың қоғамдық коммуникациялар орталығы.

14 сәуірдегі қолайсыз ауа райынан кейін Жаңаөзен аумағында және іргелес елді мекендерде 15 бірлік арнайы техника мен төрт мотопомпа 2560 текше метр су сорып шығарды. Түнде 5548 бөлімшесінің 20 әскери қызметшісі бөгеттер тұрғызды.

«15 сәуірден бастап су басу салдарын жою үшін қосымша 35 бірлік арнайы техника, 156 адам, сондай-ақ мотопомпалармен жұмыс істейтін 10 бригада тартылды. Жұмыстар су астында қалған 25 учаскеде жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Су басу қаупін толық жою және алдын алу жұмыстары қосымша күштерді тартумен жалғасуда.

Айта кетейік, 5 сәуірде Ақмола облысы Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай бар болғаны 2 шақырым жерде орналасқан.