
Алматыда 17 сәуірде «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Оқу-жаттығу шаралары сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Қаппаров көшесі, 167 мекенжайы бойынша өтеді. Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандардағы әртүрлі сценарийлер кезіндегі жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған.
Қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, сондай-ақ6 ресми ақпарат көздеріне сүйенуді және сенімсіз мәліметтерді таратпауды сұрайды.
Хабарламада6 сондай-ақ6 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін тұлғалардың заңды талаптарына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.