
Енді салық қызметі электронды сауда алаңдарын бақылауды күшейтеді. Ел аумағында жұмыс істейтін маркетплейстер арнайы ведомствоға қазақстандықтардың тапсырысы жайлы ақпарат беріп, оны азаматтардың декларациясымен салыстырады.
Жаңа Салық кодексіне байланысты, онлайн сауда платформаларының иесі әр айдың бесіне дейін мемлекеттік кірістер комитетіне сатылған тауар, көрсетілген қызмет, қазақстандық сатушылардың төлемдері жайлы деректерді тапсыруы керек.
Бүгінге дейін 23 маркетплейс салық органдарына бұл ақпаратты жіберіп үлгерген. Ол жерде сатушылар, сатылған тауарлар, төлемдері туралы барлық ақпарат бар. Қазақстандықтар салық есебін тапсырғаннан кейін, салықшылар камералды бақылау жүргізіп, маркетплейстегі ақпаратты декларациясымен салыстырады.
Егер екі жақтан айырмашылық болса, онда азаматқа қателікті жою туралы ескерту келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, бұл шаралар онлайн сауда ашықтығын ұлғайтып, көлеңкелі сауда айналымын қысқарту керек.
Дегенмен кей сарапшылар салықшылар маркетплейстен алған ақпаратты талдап, орта және шағын бизнеске қосымша алым міндеттеуге пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.
Онлайн платформа сарапшыларының дерегінше, қазақстандықтар онлайн платформалардан құны 20 мың теңгеге дейінгі ұсақ-түйек тауарларды сатып алады. Алған тауарыңыз көңіліңізден шықпаса, оны қайтаруға болады. Оның тәртібін толығырақ мына жерден біле аласыз.