Lifestyle

Халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден озды

Screenshot

Қазақ театр өнерінің абыз ақсақалы, аңыз тұлға Есмұхан Несіпбайұлы Обаев өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Есмұхан Обаев – қазақ мәдениеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Ол шебер актер ғана емес, сонымен қатар талантты театр режиссері, парасатты профессор және ұлттық режиссура мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды:Қазақстанның Халық әртісі құрметті атағы, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, мемлекеттік стипендия иегері.