
Миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайдың Kazakhmys Copper (Қазақмыс Коппер) компаниясы Қазақстан қор биржасынан ерікті делистинг жасайды. Жалғыз акционердің шешімі қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.
Компания иелері бағалы қағаздарын қор биржасындағы саудадан алып тастау туралы шешімге 14 сәуірде келген.
«Kazakhmys Copper» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 15 қарашада тіркелді. 1 қаңтардағы дерек бойынша, KCC Copper Limited компаниясына тиесілі.
KCC Copper Limited компаниясын миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай 2025 жылдың күзінде құрған. Владимир Ким 5,7 млрд доллар дәулетімен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде үшінші орында тұр. Ал Эдуард Огай 761 млн доллармен 14-орынға жайғасқан.
Бұған дейін Kazakhmys Copper «Қазақмыс» корпорациясын иелігінен толық шығарған. «Қазақмыс» корпорациясының қазіргі иесі – Qazaq Acquisition Corp. Ltd. Ал бұл компанияның құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.
«Қазақмысты» Артықбаев Швейцариядағы шикізат трейдері Mercuria Energy Group Ltd-дан қарызға алған 1,2 млрд долларға сатып алды.