Жаңалықтар

Өскеменде тегін тамақ таратқан ер адам қамауға алынды

Өскеменде тегін тамақ таратқан ер адам қамауға алынды / Фото: Өскемен әкімдігі

Өскеменде тамақ тарату және жеңілдіктер жасаумен аяқталған бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы бес тәулікке қамауға алынды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының хабарлауынша, 2026 жылғы 11 сәуірде азамат «Bashpai» дүкенінің ашылуына байланысты акция ұйымдастырған, оның барысында тауарлар жеңілдікпен сатылып, тегін тамақ таратылған.

«Осы іс-әрекеттердің салдарынан азаматтардың жаппай жиналуы орын алып, бұл кептеліске, шуға және тәртіпсіздікке әкеп соқты», – деп хабарлады соттан.

Сот ер адамды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.