Жаңалықтар

ВВС корпорациясы 2000 қызметкерін қысқартпақшы

ВВС
фото: Reuters

ВВС корпорациясы 2000 қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр, бұл барлық штаттың 10%-ын құрайды. Осы арқылы компания алдағы екі жылда 500 млн фунт стерлинг үнемдемекші деп түсіндіреді ВВС бас директоры Талфан Дэвис.

Оның сөзінше, қысқартуға инфляция, жаһандық экономикадағы тұрақсыздық, лицензиялық алымдар мен коммерциялық қызметтен түсетін табыстың азаюы себеп болған. Дэвистің сөзінше, қысқартудан кейін тұтас арналар немесе бір елдегі ВВС қызметі де жабылып қалуы мүмкін.

Қазір ВВС-де тұрақты түрде 21,5 мың қызметкер жұмыс істейді.

Британдық хабар тарату корпорациясының (BBC) Ұлыбритания аумағындағы жұмысы негізінен теледидар лицензиясы үшін ақы төлейтін ел тұрғындары тарапынан тікелей қаржыландырылады. Бірақ соңғы уақытта технологиялардың дамуына қарай британдықтардың үйінде теледидар барған сайын азайып барады. Тиісінше ВВС-ға теледидар лицензиясын төлейтіндер азайып, қаржылай қиындық туындап жатыр.

Бұған дейін Беларусь ВВС-ді экстремистік ұйым деп танығанын жазған едік. Бірақ нақты қандай материалдар үшін және не себепті екені белгісіз.