Жаңалықтар

1 млн доллар жымқырған алаяқ 10 жылдан соң Германияда ұсталды

Ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқ Германиядан экстратицияланды
Ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқ Германиядан экстратицияланды/ фото: kursiv.kz

1 млн доллар жымқырып, 10 жылдан астам іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында күдікті 2014 жылы бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсетуді сылтау етіп, қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион долларын қол еткен», – деп жазылған хабарламада.

Қылмыс жасаған соң күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 10 сәуірде «Транстелеком» арқылы мемлекетті 4 млрд теңгеден астам шығынға батырған алаяқ Грузиядан елге жеткізілген еді.