Жаңалықтар

Әскердегі сарбаздарға ұялы телефон пайдалануға рұқсат берілді

Әскердегі сарбаздарға ұялы телефон пайдалануға рұқсат берілді
фото: kursiv.kz

Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы бұйрығына сәйкес, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге әскери бөлімдерге өздерімен бірге смартфон ала келуге рұқсат етілді.

Бұған дейін сарбаздар интернетсіз, камерасы жоқ, батырмалы телефондарды белгілі бір уақытта ғана ұстайтын. Ал енді жаңа бұйрыққа сәйкес, әскерге бара жатқан сарбаз өзімен бірге смартфон ала баруға құқылы. Бірақ, әскери бөлімнің ішіне кіргенде телефон сөндірулі болуы керек.

Қорғаныс министрінің бұйрығында техниканы тек жеке бос уақытта ғана қолдануға болатыны атап көрсетілген. Ал бұл уақыт әскери бөлімнің күн тәртібімен белгіленеді.

«Әскери қызметшілерге жеке пайдалануға арналған ұялы телефондарды бөлімшеге дейін өшірілген күйде алып кіруге және алып шығуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, оларды пайдалануға ішкі күн тәртібімен белгіленген жеке уақытта ғана жол беріледі», – делінген бұйрықта.