Жаңалықтар

Халықтың мойнындағы 1,3 трлн шағын несиенің 300 млрд теңгесі уақтылы төленбеген

Қазақстандықтардың шағын несиесі 1,3 трлн теңгеге жетті / Фото: shutterstock

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі 1,3 триллион теңгеге жуықтады. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.

Микроқаржы секторындағы жалпы несие қоржыны 1,5 триллион теңгеге жетті. Соның ішінде тек жеке тұлғалардың мойнындағы шағын несиелердің жалпы көлемі 1 трлн 293 миллиард теңгеден асып жығылған. Ал дара кәсіпкерлер мен компаниялар 200 млрд теңгеген аса шағын қарыз алған.

Халықтың мойнындағы шағын қарыздың 294 миллиард теңгеден астамы уақытылы төленбей, мерзімі өткен берешекке айналған. Яғни әрбір төртінші несие кешіктіріліп және азаматтардың төлем қабілетінің күн санап нашарлап бара жатқанын байқалады.

Бір айдың ішінде ғана 1 күннен 30 күнге дейін төленбеген қарыздың 92 миллиардтан 124 миллиард теңгеге дейін күрт секірген.

Сонымен қатар, 90 күннен астам уақыт бойы қайтарылмаған, «үмітсіз» деп танылатын қарыздардың көлемі 88,5 миллиард теңгеге жетіп, қаржы ұйымдарын 250 миллиард теңгеден астам провизия жинауға мәжбүрлеп отыр.

 Дүниежүзілік банк Қазақстанға қатысты дабыл қағып, халықтың кредитке батып отырғанына назар аударған. Қазақстандықтардың қазіргі кредит алу қарқыны 2008 жылғы дағдарыс кезеңінен де асып түсті.