Жаңалықтар

Иран ресми түрде Ормуз бұғазын ашты

Ормуз бұғазы
Фото: AP Photo / Altaf Qadri

Ливандағы бітімгершілік кезінде Ормуз бұғазы барлық коммерциялық кемелер үшін ашық болады. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.

«Ливандағы бітімгершілік аяқталғанша Ормуз бұғазы арқылы өтетін барлық коммерциялық кемелер үшін жол толық ашық деп жарияланады», – деп жазды Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бүгін Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланғанын хабарлаған. Бітімгершілік келісімі 18 сәуірге қараған түні күшіне енеді.

Ормуз бұғазы – АҚШ, Израиль – Иран арасындағы соғыстағы маңызды нысанның бірі болды. Бұл маршрут арқылы араб елдерінің мұнайы тасымалданады.

Соғыс басталған кезде Иран бұғазды жауып, танкерлерді өткізбей қойған. Кейін арадағы келіссөздер сәтсіз аяқталған соң, АҚШ-та бұғаттап, Иран кемелеріне жолды жауып тастады.