
Ростов соты ресейлік компанияға қазақстандық Qarmet алдындағы 613 млн теңге қарызын қайтаруды міндеттеді.
«Коммерсантъ» басылымының хабарлауынша, Ресейдің Ростов облыстық төрелік соты отандық Qarmet акционерлік қоғамының пайдасына шығарған.
Сот ұйғарымына сәйкес, Ростовтағы металл өнімдерін шығарумен айналысатын «Ростов металлургиялық компаниясы» (РМК) Қазақстан тарапына 92,8 миллион рубль, яғни шамамен 613 миллион теңгеден астам қарызын қайтаруға тиіс.
Бұл шешім Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы маусымда шығарған бастапқы қаулысын ресми түрде қуаттап отыр.
Осыған дейін ресейлік кәсіпорын Қарағанды сотының шешіміне апелляциялық шағым түсіргенімен, 2026 жылдың ақпанында қазақстандық сот алқасы бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырған.
Ростов сотында өткен талқылау кезінде «РМК» өкілдері мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін айтып, істі кейінге қалдыруды сұраған, алайда бұрынғы ArcelorMittal Temirtau» атауымен танымал, қазір кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің бақылауындағы – Qarmet бұл ұсынысқа қарсылық білдірді.
Нәтижесінде Ресей соты шетелдік сот шешімін толықтай мойындап, оны Ресей Федерациясы аумағында міндетті түрде орындалуға тиіс құжат ретінде бекіткен.
«Коммерсантъ» деректеріне сүйенсек, 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ростов металлургиялық компаниясының» қаржы жағдайы қазіргі таңда тұрақсыз: компанияның 2024 жылғы табысы 210 миллион рубльді құрағанымен, таза пайдасы бір жылда 28%-ға төмендеп кеткен.
Андрей Лаврентьев – автомобиль және машина жасау индустриясының ірі ойыншысы. Ол «Аллюр тобының», «Агромашхолдинг KZ» және Qarmet компанияларының акционері.