Жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салатын Қытай биыл жеті ядролық реакторды іске қосады

Қытайдың Гуандун провинциясындағы АЭС
Қытайдың Гуандун провинциясындағы АЭС кешені / фото: shutterstock

2026 жылы Қытай жеті ядролық реакторды іске қосуды көздеп отыр. Бұл туралы Bloomberg CCTV мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қытай мемлекеттік телеарнасы елдің атом энергиясы ұйымының жылдық есебіне шолу жасаған. Мәліметтерге қарағанда, қазір Қытайда 60 коммерциялық ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Тағы 36 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде екеуінің құрылысы биыл басталған.

Bloomberg Қытайдың ядролық өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін әлемдегі ең ауқымды құрылыс жобасы деп сипаттады.

Айта кетейік, Қытай Қазақстанда да екі АЭС тұрғызады. Қазақ билігі оны CNNC қытай компаниясына сеніп тапсырған. Алғашқысы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында салынады. Құрылыс 2026-2027 жылдары басталуы тиіс.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы құрылысын «Росатом» компаниясы жүргізеді. Ол да Үлкен ауылында салынады.

Қазақстандағы үш АЭС түрлі өңірлердегі энергия тапшылығын өтеуі тиіс.

Бұған дейін Kursiv.Media елдегі АЭС мамандарын ресейлік университет дайындайтыны туралы жазған.