Жаңалықтар

Таиландта мысықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

фото: Х
фото: Х

Тайландта полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен мысықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.  

Бангкок қаласында жергілікті тұрғын көшеден адасып кеткен қысқа жүнді мысық тауып алған. Ол «жануардың иесін табуға көмектеседі» деген үмітпен оны полиция бөліміне апарып беріпті.

Алайда ол жерде күтпеген жағдай болды. Мысық бөлімшедегі полиция қызметкерлерін тырнап, тістеп, қарсылық көрсеткен.

Полицейлер әзіл-шыны аралас түрде «тәртіп бұзушыны» барлық ережеге сай тіркеуге шешім қабылдаған. Оның фотосуреттері мен «саусақ іздерін» алып, қылмыскерді ұстағандай рәсімдер жасап, әлеуметтік желілерге жариялаған.

Ал, шындығында, тай полицейлері мұны мысықтың иесін табу үшін жасаған көрінеді.

Мысықтың берген куәлігінде: «Кінәмді мойындаймын. Қарным ашып, қорқып кеткен соң, полицияға шабуыл жасадым», – деп көрсетілген.

Көп ұзамай мысық «ақталып», келесі күні иесіне қайтарылған.

Мұның алдында қазақстандық депутат ит-мысыққа 14,9 млрд теңге бөлінгенін айтып, тексеруді талап еткен еді.