
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Анталия қаласында басталған дәстүрлі дипломатиялық форумның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаһандық көшбасшылардың басқосуы
Форумның ашылу салтанатында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі әлемдегі дипломатияның рөліне тоқталды. Ауқымды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген мемлекет және үкімет басшылары жиналды. Олардың қатарында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Словения, Молдова, Грузия, Солтүстік Македония және Африка елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары бар.
Форумның маңызы мен ерекшелігі
Анталия дипломатиялық форумы – жыл сайын өткізілетін, жаһандық мәселелер талқыланатын ең ірі халықаралық пікірталас алаңдарының бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барып, Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысқаны туралы жазған едік.