
Былтыр Астатының ортасында апақа түскен автобусқа иелік ететін автопарктің топ-менеджері ауысты . 2026 жылғы 8 сәуірде өткен отырыста «№1 Автобус паркі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционері осында шешім шығарған. Автобус паркі Астана қаласының әкімдігіне тиесілі.
Соған сәйкес, Директорлар кеңесінің мүшесі Айбек Исаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, ол кеңес құрамынан шығарылды.
Сонымен қатар, босаған орынға «№1 Автобус паркі» АҚ Басқарма төрағасы болып Сағынов Замир сайланып, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде бекітілді.
2025 жылы 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған. Жол апатынан 15 адам зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Астана әкімдігі Алуаның отбасына пәтер беріліп, 29,6 млн теңге көлемінде өтемақы тағайындалғанын хабарлаған.
Автопарк әу баста Алуа мен оның бауырларының өмір бойғы шығынын өтейміз дегенімен, кейіннен бұл уәдесінен тайқып кетеді.
Астана қаласының Полиция департаменті автобус жүргізушісінің үстінен қозғалған қылмыстық іс рақымшылық аясында тоқтағанын хабарлады.