
Украина қарулы күштері Ресейдің стратегиялық нысандарына тағы да соққы жасады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жолы нысанаға Балтық теңізі жағалауындағы ірі теңіз порты мен Еділ (Волга) бойындағы өндірістік кешендер іліккен.
18 сәуір күні Балтық теңізіндегі Высоцк портында ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылынан кейін өрт туындады. Reuters ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, бұл оқиға аймақтағы маңызды энергетикалық хабтардың қауіпсіздігіне тағы да назар аудартып отыр.
Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко хабарлағандай, жалын экспортқа мазут, нафта, дизель отыны мен вакуумдық газойль жөнелтетін «Лукойл» компаниясының терминалы орналасқан аумақта тұтанған.
Салалық дереккөздердің мәліметі бойынша, «Лукойлдың» Высоцк портындағы терминалыРесейдің экспорттық әлеуетінде маңызды рөл атқарады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнда 9 миллион тоннаға жуық мұнай өнімдері қайта тиелген.
Бұған дейін Украина дрондары Ресейдің мұнай экспорттау қуатын 40%-ға тежене хабарланған.