
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта өткен ірі турнирдің жеңімпазы атанды. Чемпионға шамамен 90 млн теңге тұратын Porsche 911 Carrera S кабриолеті сыйға тартылды.
WTA-500 санатындағы Stuttgart Open теннис турнирінің финалында Елена Рыбакина мен чех теннисшісі Каролина Мухова кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.
Ақтық сындағы матч 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында Рыбакина үш мәрте эйс орындап, төрт рет брейк жасады.
Осылайша қазақстандық теннисші кәсіби спорттағы 13-турнирінде жеңіске жетіп отыр. Елена турнир барысында Мирра Андреева, Лейла Фернандес, Диана Шнайдер сынды мықты теннисшілерді жеңді.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін де – 2024 жылы Штутгартта чемпион атанған. Сол кезде оған Porsche Taycan 4S Sport Turismo автокөлігі сыйға тартылған. Бұл жол жеңімпаз Carrera S кабриолетін мінді. Ол да люкс санатындағы қымбат көлік.