Жаңалықтар

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

фото: Зиперов Ахтам
фото: Зиперов Ахтам

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды. Коммуналдық қызметкерлер бітелген арықты тазалауға келгенде марқұмның денесін көрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас болып, жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткен.

Бұл оқиғаға қатысты қаланың полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Алдын ала анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлаған. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге де егжей-тегжейі тергеу барысында анықталатын болады.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Алматыда шамамен 28–29 мм жауын-шашын түскен. Бұл – айлық норманың төрттен біріне жуық. Нөсер жаңбыр салдарынан арықтар толып, кейбір аумақтарды су басқан.

Айта кететін жайт, Шығыс Қазақстан облысында өртенген пәтерден мәйіт табылған еді.