Жаңалықтар

Geely Galaxy Қазақстанда барлық модельдерінің бағасын түсірді

Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Geely Galaxy бренді арнайы ұсыныс жариялады. Енді автокөліктердің бастапқы бағасы 8 290 000 теңгеден басталады.

Аutochina.kz ақпаратынша, баға жанармаймен жүретін модельдерден бастап электромобильдер мен гибридтерге дейін төмендемек.

Жаңартылған бағалар:

Geely Galaxy CityRay – 8 290 000 теңгеден,

Geely Galaxy Preface – 9 590 000 теңгеден,  

Geely Galaxy EX5 (электромобиль) – 11 990 000 теңгеден,  

Geely Galaxy EX5 EM-i (гибрид) – 11 990 000 теңгеден басталады.  

Электрлі EX5 қала жолдарына лайықты болса, гибридті EX5 EM-i қалада электр қуатымен жүріп, трассада іштен жанатын қозғалтқышты қолдануға мүмкіндік береді.

Бренд мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында дәл осы EM-i өз сегментінде Қазақстандағы ең көп сатылған гибридке айналған.

Қазақстан нарығына арналған Geely Galaxy автокөліктері Қостанайдағы Allur зауытында құрастырылады. Жергілікті өндіріс жеткізу мерзімін қысқартады әрі автокөліктер мен қосалқы бөлшектердің қолжетімділігін тұрақты етеді.

Сатылымдар еліміздің ірі қалаларындағы дилерлік желі арқылы жүзеге асады. Сол жерде кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету де ұсынылады. Бұл сервистік қызметке қолжетімділікті жеңілдетіп, қосалқы бөлшектерді күту уақытын азайтады. Көлікті пайдалану ыңғайлылығын да арттырады.

Мұның алдында Geely Galaxy M7 атты жаңа гибрид кроссовер сатылымға шыққан еді.